×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қостанайда жылу жүйесі ұялы байланыс арқылы басқарылады

Қостанайда жылу жүйесі ұялы байланыс арқылы басқарылады

Қостанайдың инженерлері жылу жүйесін апта күндеріне қарай реттеп отыратын жаңа құрылғы құрастырып шығарды.

Автоматтандырылған қондырғы қазіргідей аязды күндері өте тиімді. Жылу энергиясын 20-30 пайызға дейін үнемдейді. Енді мамандар оны ұялы байланыс желісі мен ғаламтор арқылы басқару жүйесін іске қоспақ.

Инженерлер құрастырған жылу үнемдегіш құрылғы бірден өз тұтынушыларын тапты.

Арман Бекмағамбетов, университет проректоры:

– Біз бұл құрылғыны үш ай бұрын барлық оқу корпустарына, жатақханаларға орнаттық. Осы аралықта жылуға кететін шығынды 20 пайызға үнемдедік. Ақшаға шаққанда, бұл – 2 миллион теңге.

Құрылғының басты ерекшелігі электромагнитті қақпашасы ауа райына байланысты жылу температурасын өзі реттеп отырады. Алдын ала енгізілген бағдарламаға сәйкес жұмыс істейді.

Андрей Дирксен, өнертапқыш инженер:

– Автоматты түрде белгіленген нақты уақытында тиісті температураны беріп отырады. Одан еш ауытқымайды. Түнгі режимнен күндізгіге, аптаның демалыс күндеріне өздігінен қосылады.

Мамандар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Енді олар жылу жүйесінің жұмысы туралы СМС хабарлама алып тұру және ұялы байланыс, ғаламтор арқылы алыстан реттеп отыру технологиясын енгізбек.

Федор Губенков, инженер:

– Бұл – ең алдымен апатты жағдайлардың алдын алуға үлкен сеп. Және шығын мөлшерін сырттан бақылау үшін тиімді. Жылу үнемдегіш құрылғысының GSM модулі шамамен екі-үш айда дайын болады.

Мұндай құрылғының шетелдік үлгілері де бар. Бірақ олар көлемі жағынан үлкен және бағасы да шамамен 5 есе қымбат.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг