×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Сот ісін жүргізудің сапасы бойынша Қазақстан 5-ші орында

Сот ісін жүргізудің сапасы бойынша Қазақстан 5-ші орында

2017 жылы еліміз сот ісін жүргізудің сапасы жағынан 190 елдің ішінде 5-ші орынға шықты.

Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу рейтингісі осындай. Жалпы Қазақстан соңғы үш жыл қатарынан әлемдегі үздік он елдің қатарынан көрініп келеді.

Бұл туралы бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов 2017 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте айтты. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы соттарға 1 млн 350 іс келіп түскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Және Соттар тараптарды татуластыру рәсімдерін жиі қолдана бастады. Нәтижесінде медиация арқылы аяқталған азаматтық істердің саны 46,4 пайызға артты.

Бағлан Мақұлбеков, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы:

– Өткен жылы Республиканың соттарына шамамен 1 млн 330 мыңдай іс келіп түсті. Сонымен қатар 1 млн 340 мыңдай материалдар келіп түсті. Осы материалдардың барлығы 2 млн 630 мың істер мен материалдар қаралып, толықтай шешілді. Оның ішінде 904 азаматтық істер қаралды. Шамамен 59 мың қылмыстық істер келіп түсті. Және 337-338 мыңның шамасында әкімшілік құқық бұзушылық істер келіп түсті.