ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Пәкістанның EXPO-дағы ұлттық күні өтіп жатыр

Пәкістанның EXPO-дағы ұлттық күні өтіп жатыр https://expo2017astana.com/

EXPO 2017 көрмесінде Пәкістан Ислам Республикасы ұлттық күнін атап өтіп жатыр.

Сондай-ақ Пәкістанның тәуелсіздік алған күні оның EXPO-дағы ұлттық күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті ұлттық күн сахнасында еркіндік алған күн де тойланып жатыр. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, Қазақстан мен Пәкістанның әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді.

Айта кету керек, бұл ел табиғи дүниені қолданғанды қалайды. Сондықтан ыдыс-аяқтардың басым бөлігін саздан жасауды әдетке айналдырған. Мұнда сазбалшықтан жасалған үлкен пеш те орнатылыпты. Онда бір уақытта екі түрлі тағам пісіруге болады және оған электр қуатын шығындаудың қажеті жоқ. Жылу біркелкі берілетіндіктен, пісіп жатқан тамақ күйіп кетпейді. Сонымен қатар Пәкістан желді тиімді пайдаланудың жолын тапқан. Кәдімгі самал жел үйдегі желдеткіштің орнын алмастырады. Бұл үшін жаңа құрылыстың төбесіне жел күшін жинайтын құрылғы орнату керек. Сондай-ақ күннен қуат алу бір жолға қойылған. Мысалы, Пәкістан Парламент сарайы толығымен Күн энергиясы арқылы жарықтандырылады.