ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ЕХРО-2017 көрмесінде Пәкістанның ұлттық күні өтті

ЕХРО-2017 көрмесінде Пәкістанның ұлттық күні өтті

Ол осы елдің тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді.

Салтанатты шарада Қазақстан мен Пәкістан әнұрандары шырқалып, тулары көтерілді. Бұл ел табиғатқа жақын, жасыл технологияны кеңінен қолданады. Тіпті ыдыс-аяқтарын саздан күйдіріп жасайды. Ал павильонда күн мен желден қуат алудың сан түрлі әдісі көрсетілген. Мұнда саз-балшықтан жасалған пеш орнатылған. Артықшылығы, электр қуаты керек емес. Жылуды біркелкі беретіндіктен, тамақты да күйдірмейді. Сондай-ақ Пәкістан желді де тиімді пайдаланудың көзін тапқан. Кәдімгі самал жел үйдегі желдеткіш орнына қолданылады. Үйдің төбесіне желдің күшін жинайтын құрал орнатылады.