×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

«Алау» мұз айдынында жазғы спорттық орталықтың жұмысы аяқталды

«Алау» мұз айдынында жазғы спорттық орталықтың жұмысы аяқталды RuTraveller

«Алау» мұз айдынының жазғы спорттық орталығы өзінің жұмысын аяқтады.

Кешен жұмыстың қысқы режиміне көшті. Жаңа маусымның басталауы 2017 жылдың 30 қыркүйегіне белгіленген.

Естеріңізге салайық, осы жазда «Алау» мұз айдынында көптеген спорттық турнирлер, марафондар мен мерекелік сеанстар, қайырымдылық демалыстар өткізілді.

«Алау» мұз айдынының директоры Сауырбай Есжанов хабарлағандай, «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасы жазғы маусымның соңғы шарасы болмақ. Ол 6-9 қыркүйек аралығында өтеді.

«Өткен жылмен салыстырғанда келушілердің саны 2 есе өсті. Бұл астаналықтар арасында спортқа деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді», – деді Сауырбай Есжанов.

Айта кетейік, «Жазғы спорттық орталық» жобасы аясында жазғы маусымда спорт кешенінен 26 187 адам келген, ол өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Келушілердің 3000-нан астамы оқушы. Онымен бірген 4000-нан астам адам спорт кешенге тегін кірген. Зейнеткерлерге, оқушылар мен ІІІ топтағы мүгедектерге кешенде 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

«Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасын өткізген соң кешен жаңа маусымға дайындалады, атап айтқанда 400 метр аумаққа мұз төсейді. 30 қыркүйекте конькимен сырғанаудың маусымы ашылады.

Жаңа маусымда студенттер, оқушылар мен зейнеткерлер, ІІІ топтағы мүгедектер үшін билеттің бағасы 500 теңгеге дейін төмендейді.

2018 жылдың ақпан айында «Алау» мұз айдынында спидвей бойынша әлем чемпионатының 1-ші кезеңін өткізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: http: astana.gov.kz