Ақтөбелік құрылысшылар кірпішті БҚО-дан тасымалдауға мәжбүр - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтөбелік құрылысшылар кірпішті БҚО-дан тасымалдауға мәжбүр

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 12:51

 

Өңірдегі қарқыны жоғары құрылыстың сұранысына жергілікті зауыттар төтеп бере алмаған.

Ақтөбе облысы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда елімізде көш бастап тұр. Жыл соңына дейін 650 мың шаршы метр баспана тапсыру көзделген.

Ақтөбе облысында 141 мыңнан астам азамат жер телімінің кезегінде тұр. Олардың 120 мыңы облыс орталығында. Бұл мәселе «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешілмек. 10 соттық жері бар үйлердің құрылысы қарқынды жүруде. Пилоттық жоба аясында 194 жеке баспананың іргетасы қаланады. Бұл бастамамен көрші өңірлерден келіп танысып жатыр.

Нұржан Әшімбетов, Павлодар қаласының әкімі:

-Жылдың аяғына дейін 600 мың шаршы метрге жеткіземіз. Бұл енді Павлодармен салыстырғанда 3 есе көп. Сондықтан біз келіп, қандай тәжірибе қолданып, жекеменшік бизнесті қалай тартып жатқанын көрдік. Соның барлығын үйреніп, өзімізде де пайдалануға дайынбыз.

Өңірде тез жиналатын 2-3 қабаттық таунхаустарды бас-аяғы 2 ай ішінде салып бітіріп жатыр. Құрылыс материалдарының 80 пайызы жергілікті. Облыстағы 3 кірпіш зауыты үзіліссіз жұмыс істеп, тәулігіне 400 мың дана кірпіш шығаруда. Науқан қызған кезде ол жетпей де қалып жатыр.

Серік Төленбергенов, Ақтөбе облыстық құрылыс және сәулет басқармасының басшысы:

-Біз жазда кірпішті Оралдан тасығанбыз. Енді үш айдан кейін жаңа зауыт қосылады. Айына 10 миллион кірпіш шағарады.

Бүгінгі күні құрылыс компаниялары қажетті материалдармен толық қамтылған. Жергілікті өнімдер болашақ пәтерлердің бағасын бір қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарлама аясында сатылатын баспаналарда әрбір шаршы метрі 120 мың теңгеден аспауы тиіс.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.