ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтауда Сенат депутаттарының қатысуымен спорт және ойын алаңы ашылды

Ақтауда Сенат депутаттарының қатысуымен спорт және ойын алаңы ашылды

Ақтауда елімізде баламасы жоқ көп салалы спорт және ойын алаңы ашылды. Енді тұрғындар теңіз жағалауында спорттың онға жуық түрімен тегін шұғылдана алады. Алаңның ашылу салтанатына аймақта жұмыс сапарымен жүрген Сенат депутаттары қатысты.

Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асқан. Алаңда футбол, стритбол, балалар ойын алаңы мен көше тренажерлары бар. Жалпы «Менің елім» бағдарламасы аясында жыл аяғына дейін республикадағы 100 мектепті мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытуға арналған құралдармен жабдықтау көзделген. Қазір мұндай оңалту кабинеттері Ақтаудағы арнайы мектеп-интернатында да ашылды. Мектеп сенсорлы бөлмелермен, логопедтік оқыту, дамыту құралдарымен және массаж зондтарымен жабдықталған. Мұнда қазір көру, есту, сөйлеу қабілеттерінен айрылған 141 бала білім алуда. Сенаторлар мектепке бүтін бір компьютер сыныбын сыйға тартты. Ал оқушылар меймандарға өздері жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламент Сенаты комитетінің төрайымы:

-Олардың жағдайын жақсарту, оларға басқа балалармен тең білім беру, осы өмірде қалай өмір сүру керектігін үйрету, ол енді өте маңызды мәселе. Соған «Самұрық-Қазына траст» өзінің көмегін тигізіп жатыр. Мысалы, Маңғыстау облысындағы қайырымдылық қорларымен де жұмыс істеп жатыр. Әкімшіліктің қолдауы өте маңызды. Әкімшілік өзі ұмтылып, «көмектесеміз, осы жобаларды тапсырып кеткеннен кейін оған қарап отырамыз» деп отыр, сол себепті осындай жобалар мұнан әрі дами береді.