Сыр өңірінде «Балапан» бағдарламасы уақытынан бұрын орындалды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сыр өңірінде «Балапан» бағдарламасы уақытынан бұрын орындалды

  • Бейсенбі, 05 Қазан 2017 20:11

Сыр өңірінің бөле-жара айтуға тұрарлық тағы бір жетістігі бар.

Аймақтың 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндері 100 пайызға балабақшамен қамтылған. Қуантарлығы бөбекжай ашуға жергілікті кәсіпкерлердің де ынтасы жоғары. Облыс, аудан орталықтарынан бөлек шалғай ауылдарда да жеке қаржыға бой көтеріп жатқан нысан көп.

Жергілікті кәсіпкер «Нұр шұғыла» балабақшасының құрылысына 2 млрд теңге қаржы салды. Осылайша 320 баланы бөбекжаймен қамтып отыр. Мұндағы бүлдіршіндер өнер, білім үйренумен қатар денсаулықты күту, қоршаған ортаны тану мен ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Ән, сурет, би және шахмат үйірмелері де бар. Оған қоса үш тілді меңгеріп, компьютердің қыр-сырын таниды.

Сейітқали Алшынбаев, кәсіпкер:

– Мемлекеттік жеке әріптестік аясында біз 5 жобаны іске асырдық. Бір мектеп, 4 балабақша. Барлық балабақшалар типтік жобада салынған. 360, 320 орындық. Бүгінгі күні Алматы қаласынан осы жаңа оқу жылына 1 қыркүйекте 180 орынды типтік жобадағы балабақшаны бердік. Бүгінгі күнге 4 балабақшамызда 1040 бала бар. 400-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ал облыстағы алғашқы инклюзивті «Шағбан» балабақшасы биыл ашылды. Мұндағы ерекшелік – иппотерапия орталығы. Күнделікті жылқымен серуендеу арқылы жасалатын жаттығулардың мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пайдасы орасан екен.

Жапырақ Ұзақбаева, кәсіпкер:

– Тағы да инклюзивті бағыттағы балабақша ашуды біз жоба бойынша қолдап отырмыз. Осы жоба қазір жүзеге асырылып жатыр. Келесісін 2018 жылға жоспарлап отырмыз.

Мектепке дейінгі инклюзивті біліммен қамтылуы тиіс 1,5 мың мүмкіндігі шектеулі балғын бар. Бүгінде олардың төрттен бірі ғана арнайы мамандандырылған балабақшаларға барады.

Бақытжан Сайлыбаев, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы:

– Енді біз жекеменшік балабақшалардың үлесін арттыра отырып, 1-3 жас аралығындағы балаларды бөбекжайлармен қамтып және де даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берумен қамтуды мақсат етіп қойдық. Осы мақсатта қазір 320 орындық, 280 орындық 3 жекеменшік балабақша құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік балабақшалар желісі де дамиды.

Игілі мол осындай әлеуметтік жобаларға қаржы құюға ниетті кәсіпкерлердің көбейгені қуантады. Және олар табыстан гөрі намысты басты орынға қойып отыр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.