ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласы әкімдігі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен 12 қазанда елорданың «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге «Биотехнология ұлттық орталығы», Ұлттық музей, № 1 емхана, «Элара-Астана» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Апрель 2030» ЖШС сияқты 40-қа тарта елордалық жұмыс беруші қатысады деп күтілуде. Онда кіші ғылыми қызметкер, зертханашы, мейірбике, жүргізуші-экспедитор, күзетші, өнер мен мәдениет маманы секілді 250 бос жұмыс орны ұсынылмақ. Шара сағат 10:00-де басталып, 13:00-де аяқталады.

Ақпарат көзі: inform.kz