ҚТЖ: Көмір тапшылығы туралы қауесетті алыпсатарлар таратты - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ҚТЖ: Көмір тапшылығы туралы қауесетті алыпсатарлар таратты

  • Бейсенбі, 12 Қазан 2017 20:21

Қазақстан темір жолы вагондарына үстіміздегі қазан айында 2,9 миллион тонна көмір тиелген.

Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көп. Яғни елдегі көмір тапшылығына тасымалдың қатысы жоқ. Бұл туралы Жүк тасымалы басқармасының төрағасы Оралхан Құлақов мәлімдеді. Айтуынша, қазір ішкі тасымалға 5 мың жартылай вагон бөлінген. Елдегі ірі көмір кәсіпорындарынан тәулігіне 450-500 вагон отын аймақтарға жөнелтіледі. Мәселен, «Қаражыра» және «Богатырь Көмір» кәсіпорындары айлық жоспарды 100 пайызға орындаған. «Бүгінде ел төңірегінде көмір тапшылығы жоқ. Қазір қара отын бағасы 16 мыңнан 11 мыңға дейін түсті. Ендігі жағдайды жергілікті әкімдіктер қадағалауы тиіс», – дейді теміржолшылар.

Оралхан Құлақов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы: 

– Вагонның жетіспеушілігінен көмірдің бағасы көтеріңкі деген дұрыс емес. Бүгінгі вагондарымыздың саны өткен жылдан 50 пайызға көп. Вагондардың Шұбаркөл, Қаражыра мен Богатырь көмірін тасуға шамалары жетеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.