×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды

ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауысымен заңсыз «қансонарлық» белең алып тұр.

Әсіресе Риддер, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында топ құрып, аң аулайтындар көбейген. Сондықтан аймақтағы табиғатты қорғау полицейлері қарашаның 6-15 аралығында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын бастады. Жедел із кесу шарасы басталғаннан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды. Оның ішінде заңсыз аң атқан 40, балық аулаған 10-нан астам дерек тіркелген. Сондай-ақ 5 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тарбағатай ауданында балықты  заңсыз аулаған браконьер ұсталса, Көкпектіде рұқсатқағазынсыз аңға шыққан адам анықталды. Қазір барлық заңсыздықтар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.