ОҚО-да бие сүтімен емдейтін орталық ашылды

ОҚО-да бие сүтімен емдейтін орталық ашылды

Табиғаты керемет, суы тұнық, ал ауасы таза Қазығұрт тауының баурайында бие сүтімен емдейтін орталық ашылды.

Денсаулығын түзейтіндер үшін таптырмайтын орын. Төлеби ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық сусынды өндірумен аты шыққан аймақ. Мұнда жылына 1 миллион тоннаға жақын қымыз өндіріліп, арысы Алматы мен Астанаға да жеткізіліп тұрады. Шымкенттен 20 шақырым жерде орналасқан саумал орталығында бір мезетте 50 адам ем қабылдай алады. Бие сауылған бойда ұсынылатын сүт көп дертке ем болады. Орталықта қазір 100 бие бар. Жазға қарай 150 бие саумақшы. Өйткені сол кезде саумалға сұраныс артады.

Көбей Нәеков, емдеу орталығының дәрігері:

– Қаны аз адамдарды, бауыр церрозы мен алкогольдік церрозды емдеуге болады. Тәртіппен қабылдап, күніне 1 литр ішетін болса, бір айдың ішінде иммунитет көтеріледі.