18:55 Әрі қарай эфирде: «Жаһандық саясат» бағдарламасы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елімізде транзиттік жүктерді кедендік тексеру мерзімі 10 күннен 5 күнге қысқартылмақ

Елімізде транзиттік жүктерді кедендік тексеру мерзімі 10 күннен 5 күнге қысқартылмақ

Бұл туралы Парламент Сенатының комитет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары мәлім етті.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекс пен оған ілеспе заң жобаларын таныстырған Руслан Дәленов алдағы уақытта кедендік транзит уақытының да 4 сағатпен шектелетіндігін жеткізді. Бүгінгі күні аталған рәсім 24 сағатқа ұласады. Жүйе жұмысын жеделдету мақсатында электронды декларация мен «бір терезе» қағидасы енгізілмек. Жаңа кодекс Еуразиялық экономикалық одақтың кодексі негізінде әзірленген. Соның аясында 6 кодекс пен 29 заңға өзгерістер енгізіледі.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

– Кеден жобасында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің ережелері толығымен имплементацияланған. Ұлттық заңнамаға сілтеме нормалар көрсетілген. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кодексінде реттелмеген құқықтық қатынастар белгіленген.