09:00 Әрі қарай эфирде: Новости
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елбасы В.Путинді туған күнімен құттықтады

Елбасы В.Путинді туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.