ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Елбасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев министрлік бақылауындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың маңыздылығына, олардың аралық нәтижелеріне тоқталды.
Елбасы бір ғана Индустрияландыру бағдарламасы қолға алынғалы 5,2 трлн теңгенің 1060 жобасы іске асырылғанын айтты. Нәтижесінде 100 мың жұмыс орны ашылған. «Нұрлы жол» бағдарламасының да алғашқы нәтижелері көңілге қонымды. Бағдарлама аясында 2010 жылдан бері жөнделген және салынған жолдардың жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асқан. Жоспар бойынша 2020 жылға дейін тағы 4,5 мың шақырым жол қолданысқа беріледі.
Нұрсұлтан назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Все эти программы – очень важные, социально направленные на улучшение жизни наших казахстанцев. В частности, государственная программа индустриализации еще не обеспечила диверсификацию экономики, как мы хотели. Доля обрабатывающей промышленности в ВВП существенно не изменилась - 12%. Мы отдали на местный уровень кое-что. Им отдали, ответственность размазана или нет, мы поговорим на эту тему. Теперь привлечение стратегических инвесторов желает быть еще лучше, мы на эту тему говорили на моих встречах, визитах. Крупные инвесторы желают идти в Казахстан, не находят здесь своих партнеров. Мы говорили о том, чтобы создать специальный комитет, вы это делаете. Следующее - это продвижение экспорта. По «Нұрлы жер» мы говорим, но можно достичь еще большего результата, если бы заработали все инструменты. Не до конца все это работает. За все эти вопросы отвечает ваше Министерство. Вы несете полную ответственность за реализацию экономических и социальных приоритетов.
Президент: «ел экономикасы үшін «Құрық» теңіз порты мен «Қорғас» халықаралық  шекаралық ынтымақтастық орталығының маңызы да зор», – деді. Сосын «Нұрлы жер» бағдарламасының аяқ алысын оң бағалады. Соңында министрліктің жіті бақылауында болуы тиіс бірқатар мәселені атап, нақты тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  
- Қазақстан үшін қажет экономиканың, Үкіметтің істеп отырған жұмысының үлкен саласын саған тапсырдық. Барлығынан өткіздік. Қызметте болдың. Жұмысты істедің. Тәжірибе алдың. Білімің бар. Осының барлығын істейсің. Оңай емес. Өте үлкен жұмыс, үлкен сала. Сондықтан әр салада жақсылап, нақты жұмыс істеу керек. Министрліктің істеген шаруасы тура адамға барады. Жанұяға барады. Бұл тек сенің жұмысың емес. Барлық әкімдердің жұмысы. Бірігіп, Үкіметпен бірге жұмыс істеу керек.