ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» холдингіне қарасты компаниялар қатары 315-ке дейін қысқарады. Ал басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаяды.

Бұл туралы бүгін Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев Елбасы қабылдауы кезінде хабарлады. Акционерлік қоғамның 10 айда атқарған жұмыстарына тоқталған төраға холдингтің жалпы кірісі былтырғымен салыстырғанда 44 пайызға өскенін айтты. Бұл – шамамен 414 млрд теңге.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

– Мен Елбасының қабылдауында болып, 10 айдың қорытындысын баяндадым. Таза пайда былтырғымен салыстырғанда 44 пайызға өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер салыстырмалы түрде шығындардың азайып жатқанын көрсетеді. Түсім 30 пайызға өсіп, пайда 40 пайызға асса, ол – жақсы құбылыс деген сөз. Және біздің барлық өндірістік компаниялар былтырғы жылмен салыстырғанда жаңағы өндіріс деңгейі жоғары болып тұр. Бұған әрине нарықтағы қалыптасып отырған жағдай өз әсерін тигізеді.