×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Саясат

Елбасының АҚШ-қа жасаған сапарына қатысты әлемдік БАҚ әлі де мақалалар жариялауда

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 22:13

Елбасының АҚШ-қа сапарына әлемдік БАҚ әлі де мақала арнап, сүбелі сөздерін жариялап жатыр.

Шетелдік сарапшылар да айшықты ойларын ортаға салуда.

Ядролық державалар арасындағы сенім деңгейінің төмендеген шағында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз болған ядролық қарусыздану туралы бастама өте өзекті. Сарапшылардың айтуынша, Солтүстік Корея мәселесін шешу жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада келісім алаңын ұсыну идеясы мұқият талқылауды қажет етеді.

Сергей Рекеда, ММУ Ақпараттық-сараптамалық орталығының басшысы:

– Қазір солтүстіккореялық мәселенің Сирия мәселесімен бірдей тұрғанын байқаймыз. Қазақстанның ядролық қаруға байланысты сұрақтарды шешуде тәжірибесі жетерлік. Алдыңғы шиеленісті шешуде делдал ретінде жинақтаған тәжірибесі бұл жерде де өз рөлін атқарып, үлесін қосады.

«Қазақстан Президенті Солтүстік Кореяны өз елінен үлгі алып, ядролық амбициядан бас тартуға шақырды». Америка Құрама Штаттарының әйгілі The Washington Post басылымында Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бастамасы туралы жазылған мақала осылай басталады. «Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, ядролық державалардан шабуыл жасамау кепілдігін алып, халықаралық беделін нығайтқанын айтты. Ол Солтүстік Кореяны Қазақстан жолымен жүруге шақырды». Сондай-ақ мақала авторы Елбасының ядролық державалар Корей Халық Демократиялық Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы ұсынысын атап өткен.

Жапонияның жетекші экономикалық басылымы Asian Review бетінде жарияланған мақалаға жүгінсек, АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі Никки Хейли ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның үлгісін ядролық қаруды таратпау тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне балап отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Таяу Шығыс мәселесі бойынша ашық пікірталас өтті

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 21:36

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің төрағалығымен Таяу Шығыстағы жағдай бойынша ашық пікірталас өтті.

Жиында Палестина мен Израиль қарым-қатынасына және Иерусалим мәртебесіне ерекше назар аударылды. Қазақстанның БҰҰ-ы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде аталған шиеленістің шешілгенін қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ жағдайды күрделендіретін кез келген әрекеттен аулақ болуға үндеді. Ал Йеменге қатысты түйткілді шешудің жалғыз жолы да – саяси келіссөздер жүргізу. Дебат кезінде Ливанға қатысты да пікірлер білдірілді.

Елбасы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 17:46

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мирян қаласының ауруханасындағы өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Елбасы Жарлығымен Б.Садықов ҚР Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 18:07

Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Және Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Бақытбек Сейсебайұлы Шабарбаев Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ақпарат көзі: akorda.kz