07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мұса Тұрсынғалиев АҚШ-та титулды жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Мұса Тұрсынғалиев АҚШ-та титулды жекпе-жегіне дайындалып жатыр Sports.kz

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев жастар арасында жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.

Оның спарринг-қарсыластарының бірі – колумбиялық Исмаил Баррозу. Жаттығу жиыны америкалық Майамидегі Moro’s Gym залында өтуде.

Айта кетейік, Мұсаның титулды кездесуі 17 наурызда Багамада өтеді. Тұрсынғалиев бұған дейін сегіз жекпе-жегінің бәрінде жеңіп, оның жетеуін нокаутпен аяқтады.

Ақпарат көзі: prosports.kz