Ертең Алматыда үстел теннисінен республикалық әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтеді

    Сенбі, 13 Қаңтар 2018 23:10
gbtimes.com

Іріктеу жексенбі күні басталып, қаңтардың 16-на дейін жалғасады.

Аталған сында жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінген теннисшілер Швецияның Хальмстад қаласында өтетін үстел теннисінен командалық әлем чемпионатына жолдама алады.

 

АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді

    Сенбі, 13 Қаңтар 2018 18:57

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды. 

Кездесу жартылай орта салмақ лимитінде өтуі тиіс болған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген еді.

Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Алайда BoxRec сайтында жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген, бұл кездесудің өткізілмеді деп танылғанын білдіреді. Бастарының соғылып қалуынан Эюбовтың қарсыласының қабағы жарылғандықтан, дәрігер жекпе-жекті тоқтату керектігін айтқан.

Сөйтіп рефери жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған. Қазақстандық боксшы өткізілмеді деп есептелген жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.

«Жағдайым өте жақсы. Жекпе-жектің қалай өткенін көрермендердің барлығы көрді. Нокаутқа түсірейін деп едім, қарсыласымды құлатуыма аз қалған еді. Ол менің күшіме қарсы тұра алмады, сөйтіп басын төмен сала берді. Маңдайыма соғылып, қабағы жарылды. Соның алдында ауыр соққы алды. Міне, бітті деп ойладым. Жеңісті маған неге бермегендерін түсінбедім. Мен басымдық таныттым. Барлығы көрді, өзім де америкалықтың қазір құлайтынына сенімді болдым. Өкінішті, ереже сондай. Мен өзім техникалық нокаутпен жеңдім деп есептеймін. Әділетсіздік болды. Оны жақсылап қалтыраттым. Өз рекордым деп есептеймін – 14-0, 12 KO», – деді жекпе-жектен соң Эюбов.

Порталдың мәліметінше, олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты кездесуі Кларесса Шилдс – Тори Нелсон кездесуінің андеркартына енгізілген. 

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Футзал: Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды

    Сенбі, 13 Қаңтар 2018 16:54
Akyl-kenes Magazine

2018 жылғы 30 қаңтардан 10 ақпанға дейін Словенияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді.

Құрлық біріншілігіне 12 команда қатысады. Бұлар үш құрамадан төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі команда ширек финалға шығатын болады.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Қазақстан құрамасы В тобында орналасқан. Қарсыластары Ресей мен Польша құрамасы.

Біздің бас командамыз топтағы алғашқы кездесуін бірінші ақпан күні Польшамен өткізеді. Ал екінші кездесуі үшінші ақпанға жоспарланған. Егер топтан шығып жатсақ, ширек финалдық ойындар 5-6 ақпан күндері өтеді.

A тобы: Словения (Отағасы ел), Италия, Сербия

B тобы: Ресей, Қазақстан, Польша

C тобы: Португалия, Украина, Румыния

D тобы: Испания, Әзірбайжан, Франция

Ақпарат көзі: prosports.kz 

Алматыда коньки және шаңғы тебуді тегін үйрету сабақтары өтеді

    Сенбі, 13 Қаңтар 2018 12:55

Алматы қаласында коньки және шаңғы тебуді тегін үйренуге мүмкіндік туып отыр.

14 қаңтарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Март» сауда орталығы және Дубок ықшам ауданында орналасқан мұз айдындарына келушілерге тегін конькимен сырғанауды үйрету сабақтарын өткізбекші.

Сонымен қатар 15 қаңтардан бастап, 1-11 сынып оқушыларына шаңғы тебуді тегін үйрету сабақтары өтеді. Сабақтар бес күнге жалғасады. Уақыты күніне 1 сағаттан (дүйсенбі-жұма) болады. Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі. Әр топта 10 баладан дайындалады.

Өтетін орындары мен басталуы: «PIONEER» (бірінші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін).

prosports