10:45 Әрі қарай эфирде: «Мечты сбываются» программа
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Олимпиадалық қалашықта алғаш болып Қазақстанның туы ілінді

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 10:05
vesti.kz

Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтар қазақстандық спортшыларды қарсы алуға дайын.

Алғаш болып еліміздің туы ілінді.

– Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті спортшыларымыз үшін барлық жағдай жасап қойды. Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтарда алғаш болып еліміздің туы ілінді, – деп жазады ҰОК ресми сайты.

Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньки спортынан бәсекелер өтеді.

Олимпиада ауылына бірінші болып ақпанның бірінде біздің биатлоншыларымыз орналаспақ. Ертеңінде тау шаңғышыларымыз бен конькишілеріміз кіреді. Артынша шорт-трекшілер мен могулшылар жайғаспақ. Шаңғышылар мен тұғырдан секірушілер ақпанның бесінде ат басын бұрады. Фристайл-акробатикадан ұлттық құрама Оңтүстік Корея жеріне ақпанның сегізінде барады. Мәнерлеп сырғанаушылар жарыс өтетін жерге жеке-жеке келмек.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Төрткүл дүние асыға күткен доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

«Барыс» Бейжіңде «Куньлунь Ред Стар» командасын жеңді

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 21:53
blogspot.com

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) соңғы ойындарының бірін Астананың «Барысы» Бейжіңде «Куньлунь Ред Стар» командасымен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Кездесудің екінші бөлігінде команда капитаны Найджел Доус пен Дмитрий Шевченко мергендіктерімен көзге түсті. Үшінші кезеңде де қарқынын төмендетпеген астаналықтардан Роман Савченко пен Дмитрий Гурков есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, 74 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орынға ие болған астаналықтар плей-офф бәсекесіне шыға алмады. Қазіргі кезде Олимпиада ойындарына байланысты ҚХЛ-да үзіліс жарияланды. Биылғы маусымда «Барыстың» бір ғана ойыны қалды. 1 наурыз күні Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері елордада «Авангард» (Омбы) командасын қабылдайды.

prosports

Қазақстандық каратешілер Украинада әлем чемпионатынан 17 медаль жеңіп алды

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 18:34
https://egemen.kz/

Украинаның Одесса қаласында өткен Карате-киокушинкай бойынша Әлем чемпионатында қазақ спортшылары әр деңгейдегі 17 медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Карате-киокушинкай Республикалық Ұлттық федерациясы Баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшыларымыз жалпы есепте 12 алтын, 4 күміс және 1 қола медальды жеңіп алды. Жеңімпаздардың тізімі төмендегідей:

12-13 жас қыздар 45 келіге дейін Кемелбекова Кәмила 2 орын( Жамбыл облысы),

12-13 жас 40 келіге дейін Қуаныш Датқа 1-орын ( Жамбыл облысы),

12-13 жас 45келіге дейін Глеб Гуров 3-орын (ШҚО),

12-13 жас 50 келіге дейін Әжібек Медет 1-орын (Алматы облысы),

14-15 жас 45 келіге дейін Диас Қостыбаев 2-орын (ШҚО),

14-15 жас 50 келіге дейін Рахат Жанғабылов 1-орын (Астана),

16-17 жас 50 келіге дейін Айбек Шаукилов 1-орын (Кызылорда облысы),

16-17 жас 60 келіге дейін Асхат Галеев 1-орын (Акмола облысы),

16-17 жас 50 келіге дейін Мәдина Сауытова 1-орын (Астана),

+18 жас қыздар 55 келіге дейін Нарқыз Ұзақбаева 1-орын (Ақмола облысы),

+18 жас қыздар +70 келіге дейін Әлемгүл Сабырхан 1-орын (Ақмола облысы),

+18 жас ерлер 60 келіге дейін Жәнібек Темірлан 1-орын (Астана),

+18 жас ерлер 70 келіге дейін Әлішер Кәрменов 1-орын (Астана),

+18 жас ерлер70 келіге дейін Данияр Әлимусинов 2-орын (Астана),

+18 жас ерлер 80 келіге дейін Андрей Котов 1-орын (Атырау облысы),

+18 жас ерлер 80 келіге дейін Нұрлыхан Сәдуақасов 2-орын (Астана),

+18 жас ерлер + 80 Никита Гарас 1-орын ( Қарағанды облысы).

egemen

Допты хоккейден өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 14:29

Ресейдің Хабаровск қаласында 29 қаңтар - 4 ақпан аралығында өтетін допты хоккейден кезекті әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады.

«Ақжайық» спорт клубынан түскен мәліметке қарағанда, Қазақстан құрамасын биыл белгілі ресейлік маман Ильяс Хандаев жаттықтырады. Оған оралдық бапкер Николай Шавалдин көмектеседі. В тобында Қазақстан құрамасы 29 қаңтар күні беташар кездесуін «Ерофей» аренасында Венгрия құрамасымен өткізеді. Содан кейін 30 қаңтарда АҚШ, келесі күні Германия құрамасымен ойнайды. Егер өз тобында қазақстандықтар үздік шықса, онда күштілердің А тобында (Швеция, Ресей, Финляндия, Норвегия) соңғы, төртінші орынға ие болған командамен 2 ақпан күні ширек финалдық бәсекесін өткізеді. Онда жеңсе, жүлде үшін таласады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасына допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығынан» команда капитаны, шабуылшы Максим Өтебалиев, қақпашы Нариман Такиров, жартылай қорғаушылар Сұлтан Қадыржанов, Андрей Гущин, Петр Грибанов сынды ойыншылар шақырылған болатын. Сонымен қатар дүниежүзілік додада ел намысын қазіргі кезде әр жақта жүрген Орал допты хоккейінің түлектері, шабуылшы Рауан Исалиев, қорғаушы Денис Максименко, жартылай қорғаушылар Леонид Бедарев, Ескендір Нұғманов қорғайды.

Бұған дейін әлем біріншілігінің алты мәрте қола жүлдегері атанған Қазақстан құрамасы үшін өткен жылғы дода сәтсіз болған еді. Швецияның Сандвикен қаласында өткен чемпионатта Қазақстан құрамасы ширек финалда өздерінің басты қарсыласы Норвегия елінің өкілдерін 4:0 есебімен жеңіп тұрып, ұтылып қалған-ды. Сөйтіп үнемі жүлде үшін таласқа түсетін қазақстандықтар мұндай мүмкіндіктен айырылып қалған болатын. Биыл И.Хандаевтың шәкірттері сол олқылықтың орнын толтыру үшін күш салады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат