+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

РУСЛАН ОСПАН

РУСЛАН ОСПАН

«Білу маңызды» бағдарламасының жүргізушісі

Телевизияға мен де кездейсоқ келдім. Шынымды айтсам, үш ұйықтасам да түсіме кірген нәрсе емес. Әскери маман иесі боламын деген әдемі арманым болған. Бірақ журналистикадағы алғашқы қадамым «классикалық» жолмен басталды.

Студент болдық. «Парасатта» жұмыс істедік. («Парасат» студенттік телеарна болатын). Кейін қалалық телеарнаға шақыртып, тележурналистиканың қыр-сырын игере бастадық.

Бір қызығы, сол телеарнада жүргенде әскери училищеге қызметке де шақырған. Бірақ тағдырдың жазғаны, мен еліміздің бетке ұстар басты арнасы «Хабарда» қызмет етіп жүрмін. «Хабармен» бірге өстік, өңдік. Осылай Отанға қызмет етіп келемін. Шүкір. Жұмысымды, қызметімді, жақсы көремін...

Үйленгенмін. Балаларым бар. Табиғат аясында демалған ұнайды. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Құрметпен, Руслан Оспан