ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Хабар» арнасында «Пәленшеевтер» телехикаясының екінші маусымы басталады

«Хабар» арнасында «Пәленшеевтер» телехикаясының екінші маусымы басталады

«Хабар» телеарнасының жаңа маусымдағы тағы бір тартуы жақында экранға шығады. Бір жарым жыл үзілістен соң «Пәленшеевтер» телесериалының екінші маусымы басталады. Көңілді қазақы отбасының жарасымды өміріне арналған туындының жаңалығы көп.

Телехикаяның бірінші маусымын көрермендер жылы қабылдаған болатын.  Көңілді, ерекше, талантты кейіпкерлер үйде де, түзде де қағытпа қалжыңдарымен езу жиғызбайды. Басты кейіпкердің бірі – МАИ қызметкері. Оның әйелі – дәрігер. Олар желілік маркетингпен айналысады. Банкте жұмыс істейтін балалары арқылы несие алғысы келетін отбасының әрекеттерін сырттай бақылаған тіпті қызық. 

Төребек Бейсебаев, телехикая режиссері:

-Әр режиссердің өзіндік почеркісі болу керек. Сондықтан бұл кішкене басқашалау болады. Бірінші сезонға қарағанда екінші сезон қызығырақ болады деп сеніп айта аламын.

Фильмнің сценариі әдемі әзіл мен астарлы қалжыңға негізделген. Қызықты оқиғалардың ортасында жүріп, түсірілім алаңында шаршағанымызды ұмыттып кетеміз, – дейді шығармашылық топ өкілдері. «Біріккен істе береке бар» демекші, актерлар жұмыла жасаған еңбектің жемісін көрермен жоғары бағалайды деген сенімде.

 Лидия Кәденова, ҚР Еңбек сіңірген артисі:

 - Не болса да, шын жүректен жасап жатырмыз енді. Бұл көп адамның адал еңбегі. Сондықтан болар енді көңілінен шығады ғой деп ойлаймын. Бұдан енді керемет философиялық дүние күтпейміз. Бірақ демалыс үшін тәрбиелік маңызы үшін көруге болады.

Телехикаяның екінші маусымы 30 бөлімнен тұрады. Жаңа маусымда кейіпкерлер мен режиссер ауысқан. Бірақ авторлардың айтуынша, басты ұстаным өзгермейді. Актерлар түймедей нәрседен түйедей дүниені жалғастырып, қандай жағдай болмасын бір шаңырақта мол дастархан басында жиналуды ұмытпайды.  

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев