A+ A A-

Қазақ қызы Белорусь сапында Олимпиада Чемпионы атанды

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 19:16
Қазақ қызы Белорусь сапында Олимпиада Чемпионы атанды Динара Алимбекованың инстаграм парақшасынан

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында эстафета өз мәресіне жетті. 


Әйелдер арасында Белорусь құрамасы үздік атанып, Пхенчхан Олимпиадасының алтынына ие болды. Эстафета бойынша Чемпион атанған құрама сапында қазақ қызы Динара Алимбекова қатысты. 

Динара Әлімбекова (Алимбекова) - 1996 жылы Қарағанды облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі - қазақ. Шешесі - белорусь. Үш жасқа келгенде Қазақстаннан Белоруссияға қоныс аударған. 

Шаңғы спортынан бастаған Динара, 2008 жылдан бері биатлонмен айналысып келеді. Жаөспірімдер арасында Әлем Чемпионы атағы бар.  

Естеріңізге сала кетсек, биатлонның эстафета түрі бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Пхенчхан Олимпиадасын 14-орынмен аяқтаған болатын.