A+ A A-
Жексенбі, 25 Ақпан 2018 12:19

Бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстайды.

Айта кетейік, Абзал Әжғалиев Қысқы ойындардың ашылуында да ту ұстап шыққан болатын. Шеруде ол «Алтын Адам» костюмін киген.

Ақ Олимпиаданың аясында ел құрамасы тек қола медальды місе тұтты.

Жүлдені салған – фристайлшы Юлия Галышева.

Жексенбі, 25 Ақпан 2018 11:20

Оңтүстік Корея төрінде өтіп жатқан XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күнінде Германия құрамасы бобслей спортынан жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Енді Германия қоржынында 14 алтын бар. Осылайша олар Ванкувердегі Канада орнатқан рекордты қайталап отыр. Екінші орында – Норвегия спортшылары болса, үштікті Канада түйіндеп тұр.

Айта кетейік, медальдық есеп бойынша Қазақстан құрамасы Латвия, Лихтенштейн елдерімен бірге 28-орында келеді.

Жексенбі, 25 Ақпан 2018 10:23

Бүгін – Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні.

Пхёнчхан төрінде қазір кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Оның ішінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы бойынша 30 шақырымдық марафонға қатысады. Әйелдер арасындағы сынға еліміздің атынан Анна Шевченко, Валерия Тюленева және  Елена Коломина шығады. Бұған қоса дәстүр бойынша Қысқы ойындардың соңғы күні ерлер арасындағы хоккейден финалдық бәсеке өтеді. Ал Олимпиаданың жабылу салтанаты Астана уақытымен 17:00-де басталады және оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.