A+ A A-

Бүгін Астанада елге оралған олимпиадашылар шеруі өтеді

  • Жұма, 26 Тамыз 2016 09:29

Бүгін елордада Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарынан оралған спортшыларға құрмет көрсету салтанаты өтеді. Шеру сағат 14.00-15.00 аралығында жоспарланған.

Аталмыш шараға байланысты бүгін Астана көшелерде сағат 14.00-15.00 аралығында қозғалыс шектеледі. Салтанатты шара барысында Д.Қонаев к-сі (Түркістан көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін); Ақмешіт көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін); Достық көшесі (Ақмешіт көшесінен Орынбор көшесіне дейін) жабылады. Шара аясында олимпиадашылар «Бәйтерек» монументінен «Қазақстан» ОКЗ дейін жүріп өтеді.

Айта кететйік, біздің олимпиадашылар 6 спорт түрінен жүлдеге ілінді.

Жеңімпаздар қатарында боксшылар Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов және Дариға Шәкімова бар. 

Сонымен қатар Дариға Шәкімова бокстан Олимпиадада жүлдеге ілінген тұңғыш қазақ қызы атанды.

Қазақстандық ауыр атлеттер бір алтын, бір күміс, үш қола медальмен Рио Олимпиадасын бесінші орынмен аяқтады.

Ниджат Рахимов Әлем және Олимпиада рекордын жаңартып, Олимпиада чемпионы болды. Жазира Жаппарқұл Олимпиада күмісімен қатар, ауыр атлетикадан Олимпиада жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы болып тарихта қалмақ.

Александр Зайчиков, Фархад Харки, Карина Горичевалар ауыр атлетикадан ел қоржынан үш қола медальдарын салған болатын.

Рио Олимпиадасында Қазақстан үшін күтпеген жағдай орын алды. Жүзуден Дмитрий Баландин сенсация жасап, Олимпиада чемпионы атанды. Дмитрий Баландин - жүзу спортынан Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық спортшы. 

Дзюдодан ел құрамасынан алты спортшы қатысып, екі медальмен елге оралды. Рио Олимпиадасында дзюдошыларымыз бір күміс, бір қола медальмен Олимпиаданы жалпы командалық есепте оныншы орынмен аяқтады. Елдос Сметов күміске қол жеткізсе, Галбадрах Отгонцэцэг қолаға ие болды.

Айта кетерлігі, Галбадрах Отгонцэцэг ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені сыйлаған еді.

ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына 12 балуанымыз қатысып, үшеуі үздіктер қатарынан көрінді. Гюзель Манюрова күміс медальмен екі Олимпиада жүлдесін алған алғашқы бұрымды балуан атанды. Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне тағы екі қазақстандық балуан ие болды. Олар: Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова. Үш медальмен балуандар Олимпиада ойындарын күрес түрлері бойынша 11-орынмен аяқтады.

Жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанып, жеңіл атлеттер арасында командылық есепте 19-орынға тұрақтады. Сондай-ақ ол Қазақстанның екі Олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы жеңіл атлеті.

Қазақстандық спортшылар 17 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 22-орынмен ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарын аяқтады.

Ертең ел мақтаныштарын ұлықтайтын салтанатты шеруге қала тұрғындары мен қонақтарын қатысуға шақырамыз!

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті