A+ A A-

Универсиада-2017: Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 1-ші орынды иеленді

  • Жұма, 03 Ақпан 2017 22:02

Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 жарысындағы мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарлама бойынша сайысының нәтижесі шықты.  Қысқа бағдарламада қазақстандық Денис Тен 94.91 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. 

Екінші орында 89.05 ұпаймен Жапониядан қатысып жатқан Кейдзи Танака тұр, ал үшінші орынды 87.18 ұпай жинаған ресейлік Артур Дмитриев жеңіп алды. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардан 68.25 ұпай жинаған Абзал Рақымғалиев квалификациядан өтті. Артур Панихинге квалификациядан өту үшін ұпай жетіспей қалды.

Дереккөз: inform.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті