Атырау

Әзілхан Уахитов

Телеоператор

Атырау облысында туған. Телевидениедегі еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Режиссер, монтаж инженері, дизайнер, телеоператор болды. 

«Хабар» агенттігіне 2012 жылы келді. «24kz» телеарнасы ашылған бойда қызметке орналасты.

Атырау облысындағы ұжым ең үздік және кәсіби шеберлердің бірі санатында. «Жұмыста ешқандай жасандылыққа жол бермейміз. Әрқайсымыз өз міндетімізге жауап береміз. Ешбір сәтте ортақ жұмыс атқарып отырғандығымызды ұмытпаймыз», - дейді ол. 

2014 жылы Ұлыбританияда Glyndwr University оқу орнында «Болашақ» бағдарламасы бойынша курс өтті. Қазақстандық операторлардың ішінде бірінші болып, осы бағдарламаға қатысты. 

Адалдық пен тәртіпті бағалайды. Сүйікті ісі – фотография, көркем бейне түсірілім жасау, компьютерлік графика әдістерін жасау. 

Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.