Тараз

Нұржан Мергенбай

Меншікті тілші

Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі, мамандығы – журналист. 

Телевизия саласындағы жолын 19 жасында «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор болып бастаған. 20 жасында ««Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне кірісті. 2013 жылы Ұлттық арнаның Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметіне ауысты, одан кейін «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының бас редакторы болып жұмыс істеді. 

2015 жылдың ақпан айынан бері ««Хабар» Агенттігі»  АҚ Жамбыл облысындағы тілшілер қосынында еңбек етіп келеді. Үйленген, бір ұл, бір қыздың әкесі.