Анонс

«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Ілияс Есенберлин: 30 маусым, 13:00

«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Ілияс Есенберлин: 30 маусым, 13:00

«Мен əдебиет атты киелі шаңырақтың есігін өлең-жырмен қаққан адаммын», – деп 1961 жылы ғана прозаға көшкен Ілиястың бар арманы ұшан-теңіз ғұлама тарихымызды аз да болса, əдебиетімізде көрсетіп қалу, кейінгі ұрпаққа мұра ету болды.

Ол 16 жылда 15 роман дүниеге әкелді. «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилологиясы орыс тілдің өзінде 12 рет басылып, 1,5 млн тиражбен тарады. Әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды.

Қазақтың тарихын алғаш қопара жазған дəуір суреткері Ілияс Есенберлин жайында баяндайтын «Тарих. Тағдыр. Тұлға» бағдарламасын сенбі, 30 маусым күні сағат 14:15-те «Хабар» арнасынан көріңіздер!