Қапы қалмаңыздар

«Менің тағдырым»: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма

«Менің тағдырым»: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма

Өмір ақ-қарадан тұрады. Адам қандай таңдау жасаса, нәтижесі де сондай болады. Өмір қайталанбайды.

Әр отбасы немесе әр адам – қоғам айнасы. Ал қоғамды дұрыс қалыптастыру тәрбиеден басталатыны сөзсіз. Сондықтан соңғы уақытта отандық телевизия деректі телехикаяларға баса назар аудара бастады. Себебі ол қандай да бір кейіпкердің басынан өткен оқиғасы арқылы өмірге деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына септігін тигізеді.

Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда жақындарына ауыртпалық әкелетін тасжүрек адамдарды жиі кездестіруге болады: балаларын аяусыз ұратын әкелер; бауыр еті баласын тастап кеткен аналар; туған әке-шешесін қарттар үйіне тапсырған балалар. Ене мен келін, туған-туыс арасындағы кикілжің, абысындар дау-дамайы, ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі және т.б. қоғамдағы әлеуметтік, отбасылық мәселелер. Әйел адамның ауыр тағдыры, жалғызбасты аналардың жан айқайы, арбауға түскен қыз-келіншектер, нашақорлық пен ішімдіктің шырмауынан шыға алмай жүргендер. Бұлар – «Менің тағдырым» деректі драмасының әр сериясында қозғалатын өзекті тақырыптар.

Жоба шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілген. Ол әлеуметтік мәселелердің себеп-салдарын анықтайды.

«Менің тағдырым» көрермен бойындағы қайырымдылық, гуманизм, аяушылық секілді сезімдерді оятуға бағытталған.

10 қыркүйектен бастап «Менің тағдырым» деректі драмасын «Хабар» арнасынан өткізіп алмаңыздар!