×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

ТОП бейне

Елімізде «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы басталды

Елімізде «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы басталды

Ол 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы жария етті.

Нұрбек Оршыбековтың айтуынша, бұл шара биыл 11-ші рет ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін акция аясында 3 млн-ға жуық балаға 17 млрд теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Басты мақсат – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, сондай-ақ мектепке керекті құралдар мен киімнің болмауы салдарынан балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында министрлік өкілі барлық кәсіпкер мен азаматты қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге шақырды.

Нұрбек Оршыбеков, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Өткен жылы материалдық және қаржылық көмекпен қамтамасыз етілген бала саны 316 мың, ал қайырымдылық көмектің сомасы 3 млрд теңге шамасын құраған еді. Мұның ішінде демеушілік көмектің көлемі 11 пайыздан асқанын айта кеткен жөн. Материалдық көмек көрсетумен ең көп қамтылған өңірлер: Алматы облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы.