ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Мысыр өнертапқыштары суасты роботын жасап шығарды

Мысыр өнертапқыштары суасты роботын жасап шығарды

Мысырлық өнертапқыштар тобы араб елдеріндегі ең алғашқы суасты роботын жасап шығарды.

Ол манипулятор және бейнекамерамен жабдықталған. Құлтемір 25 метр тереңдікке дейін сүңги алады. Сөйтіп теңіз түбіндегі құбыр желісі мен кабельдерді жөндеу үшін қолданылмақ. Алайда жоба авторларының айтуынша, үкімет және демеушілер қолдау көрсетсе, роботты одан әрі жетілдіруге болады. «Сонда құрылғы өзге де қызмет түрін атқара алады», – дейді өнертапқыштар.

Әбделрахман Магди, Александрия университетінің түлегі:

– Біздің топ 3 жыл бұрын құрылған. АҚШ-қа барып қайттық. Онда суасты аппараттарын жасайтын компаниялардың көп екеніне көзіміз жетті. Алайда араб елдерінде онымен ешкімнің де айналыспайтынын түсіндік. Ноу-хау қажет деп шешік. Сөйтіп ойнала келе, суасты роботтарын жасауға бел будық.