07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Филиппинде қуатты жер сілкінісі болды

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 17:27

Филиппин жағалауында күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың ошағы Арас-асан қаласынан 33 шақырым жерден өтіп, кіндігі 35 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

earthquaketrack

Аударған: Г.Абилова

Ауғанстан билігі лаңкестік әрекетке байланысты қаралы күн жариялады

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 15:19
Фото: Kapital.kz

Ауғанстан билігі ел астанасындағы террорлық шабуылға байланысты бүгінгі күн ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оған қоса Кабул тұрғындарына ертең демалыс берілді.

Еске сала кетейік, кеше Кабулдағы дипломатиялық ауданда жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қастандықтан 95 адам қаза тапқан. Тағы 200-ге жуығы жараланды. Жарылыс қуатының күштілігі соншалық маңайдағы нысандардың қабырғасы қақырап, терезелері шытынаған. Шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысы мойнына алды.

Милош Земан Чехия президенті болып қайта сайланды

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 11:22
Фото: BBC

Чехиядағы президенттік сайлаудың екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Милош Земан жеңіске жетті.

Жұма күні басталып, екі күнге созылған саяси додада Земан сайлаушылардың 51,5 пайыз дауысын жинады. Ал оның қарсыласы Чехия Ғылым академиясының бұрынғы төрағасы Иржи Драгош дауыс берушілердің 48,5 пайыз қолдауына ие болды. Сөйтіп Милош Земан екінші рет қатарынан ел президенті қызметін атқарады. Бірақ Чехия – парламенттік мемлекет. Сондықтан президенттің елдің саяси өміріне ықпалы аз. Ал жаңа басшыны ұлықтау шарасы 8 наурыз күні өтеді.

Венесуэлада ашқұрсақ балалар саны артып барады

    Сенбі, 27 Қаңтар 2018 18:42

Венесуэладағы әрбір бесінші балаға аштық қаупі төніп тұр.

ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Бәріне елді жайлаған экономикалық дағдарыс себеп. Тойып тамақ ішпегендіктен, қазірдің өзінде Латын Америкасындағы бұл мемлекеттегі балалардың 15,5 пайызы бойы және салмағы бойынша артта қалып отыр. 9 жыл бұрын бұл көрсеткіш 3 пайызға жуықтайтын. Осы ретте ЮНИСЕФ мамандарының атсалысуымен 113 мыңға жуық бала медициналық тексеруден өтіп жатыр. Сондай-ақ дәрігерлер үшін арнайы тренингтер де ұйымдастырылған. Айта кеткен жөн, мұнай бағасының арзандауы кесірінен қазір Венесуэла экономикалық дағдарыс тауқыметін тартып келеді. Елде азық-түлік пен ең қажетті деген тауарлар тапшы.