09:00 Әрі қарай эфирде: Новости
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Жапонияда 3 млн адам тұмауға шалдықты

    Сенбі, 27 Қаңтар 2018 09:00
РИА Новости

Жапонияда тұмау эпидемиясы өршіп тұр.

Бүгінгі күні вирусты 2,83 млн адам жұқтырған. Оның үстіне елде дәрігерлердің тапшылығы байқалуда. Жапонияның денсаулық, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тұмауға шалдыққан 52 науқасқа бір дәрігерден келеді. Ал Косю аралында бір дәрігер 80 сырқатты қабылдауда. Елде соңғы аптада індетті жұқтырғандардың саны 1 млн адамға артқан. Жапониялықтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, бетперде тағып жүруге және қолды жиі жууға кеңес берілді.

Ақпарат көзі: inform.kz 

Каннын қаласында Олимпиада ауылы ашылды

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 15:01

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында Олимпиада ауылы ашылды. Кешен 2400 адамды қабылдай алады.

Шаһарда хоккей, кёрлинг, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру және шорт-трек сияқты спорт түрлерінен сайыстар өтеді.

Айта кетейік, Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Корея Республикасының спортшылары Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде бір тудың астында шығады. Сондай-ақ екі ел хоккейден ортақ әйелдер командасын құру туралы келісімге келді. 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-28 ақпан аралығында өтеді.

Милан маңында болған пойыз апатына техникалық ақау сеп болуы мүмкін

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 12:20

Алдын ала болжам бойынша оқыс оқиғаға теміржолдағы техникалық ақау сеп болған.

Рельстердің бірі қиылыста сынып, ұзындығы 23 сантиметр болатын металлдың бір бөлігі жолдан бірнеше шақырым жерден табылды. Бұл жағдайға байланысты прокуратура тергеу жұмыстарын бастады. Еске сала кетейік, кеше Пьольтелло қаласына жақындап қалған пойыз апатқа ұшыраған еді.

Кремонадан Миланға дейін сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жолаушылар пойызының екі вагоны рельстен шығып кетіп, электр желісінің бағанасына соқтығысқан. Вагонда 250 жолаушы болыпты. Оның үшеуі қаза тапты.

Оңтүстік Кореяда аурухана өртінен қаза тапқандар саны артты

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 11:22
Корреспондент.net

Оңтүстік Кореяның Мильян қаласындағы аурухана өртеніп, 41 адам қаза тапты.

Тағы 80-ге жуығы түрлі деңгейде жарақат алған. 9 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға кезінде ауруханада шамамен 100 емделуші болған. Өрт тек үш сағат өткеннен кейін ғана сөндірілді. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.