Ақтөбеде алты айда өндіріс көлемі 4%-ға артты - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтөбеде алты айда өндіріс көлемі 4%-ға артты

  • Жұма, 21 Шілде 2017 18:35

Еліміздің жекелеген өңірлері де экспорттық әлеуетін арттырып келеді.

Мысалға, Ақтөбе облысын алайық. Биылғы алты айда аймақ өндірісін 4%-ға өсіріп, 700 млрд теңгеге жеткізген. Өңірде қазір ойын алаңдарына арналған резеңке төсеніштерден бастап шойын жолға төселетін рельстерге дейін шығарылады.

«Ақтөбе» индустриялық аймағында алғаш болып ашылған кәсіпорын ойын алаңдарына төселетін жұмсақ жабынды жасайды. Жылына 60 мың шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Серіктестік резеңке-каучуктен жасалатын төсеніштерді ішкі нарыққа және Ресейге экспорттауда. Автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы өңірдің экологиясын да оңалтады. Жылына 5 мың тонна ескі шиналарды үгітеді. 

Василий Лагизов, кәсіпкер:

- Біз – индустриялық аймақтағы алғашқы өндіріс орнымыз. Бірінші болып өнім алдық. Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті әкімдік әрдайым қолдап отырады. Индустриялық аймақта барлық жағдай жасалған. 

Өткен жылы жанданған индустриялық аймақта 12 жоба жүзеге асырылуда. Толық қуаттылығына енген күні бұл жерде 2 мыңға жуық азамат жұмыс жасайтын болады. 

Бақытжан Тұрсынханов, «Ақтөбе» индустриялық аймағы директорының міндетін атқарушы:

- Тас жолы, теміржол және де газ құбыры, су құбыры, бәрі ішіне тартылып, жағдайлары жасалған. 49%-ы жабылып отыр. Яғни ол – 172 млрд. 

Өңірдегі өндіріс көлемі осы жылдың алты айында 4%-ға артқан. Хром рудасын өндіру 118%-ды құраса, оның концентраттары 111%, ферроқорытпалар 140%, рельсарқалық зауытының өнімдері де 11 есе артқан. Бұл көрсеткіштер инвестиция көлемін 131,8%-ға жеткізді. Бөлшек сауда да 102,1%-ды құраса, өнімдерді өңдеу 111,4%-ға жетті. Сәйкесінше шағын және орта бизнес көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8%-ға артқан.

Дархан Ермағамбетов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары: 

- Биылғы жыл оң нәтижелі шығады деп жоспарлап отырмыз. Оған біздің барлық мүмкіндіктеріміз бар. Мұнай өндірісі шамалы бәсеңдегенiмен, хром рудасы, мыс рудасының өсімі байқалып отыр.

Жалпы Ақтөбеде кәсіп ашуға ниет білдіріп жатқан шетелдік бизнесмендер де баршылық. Күні кеше ғана Болгария және Германиядан келген инвесторлар жаңа кәсіпорын орындарын белгілеп кетті. Бұл жерде құрылыс заттарын өндіретін зауыт пен жүк көліктерінің дөңгелектерін өңдейтін кешен ашылмақ. Жалпы индустриялық аймақтың тең жартысына инвестор келді. Келер жылдың соңына дейін аймақ түгел өндіріс орындарына айналады деген үміт бар. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.