«Алданған үміт» телехикаясы
Бұл телехикая барлығыңыз білетін қарапайым «қызметтік романның» бірі секілді көрінуі мүмкін. Бас кейіпкерлер Мұрат пен Неслиханның ғашықтық дастаны да қызмет жолынан басталады.
Әдеттегідей, тіпті барлық кинолардағыдай бай қыздың қол астында жұмыс істейтін жұпыны жігіт, соған қарамастан бірге соққан жүрек, ортақ көзқарас, бақытты күндер, қылығы балдай балалар, алғаусыз сенім, есепсіз махаббат... бірақ...
Бірақ қызының осы бір «тақыр кедейге» тұрмысқа шыққанына ана көңілі жібімеді. Неслиханның анасы «тең теңімен, тезек қабымен» дегендей, өзіне тең, құдалары да ауқатты болғанын қалайтын. Содан болар, жиендеріне де іші жылымады. Ана түйсігі алдамаған сияқты. Ал бар сырына қанық, қуанышына да, қайғысына да ортақ құрбысы сүйген жарының көңілін аулап кетсе, Неслихан не істеуі керек? Бұл фильмнің күтпеген шешімі... Кек?! Суық ақылдың, жымиып отырып жылатып, күліп отырып күңірентіп кетер улы кек...