×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Экономика

Қазақстанның машина жасау саласы 31,5 млрд теңгенің өнімін шығарды

Қазақстанның машина жасау саласы 31,5 млрд теңгенің өнімін шығарды

Жыл соңына дейін Қазақстанда 10 мың көлік шығарылады деп жоспарланып отыр. Бірақ оның бәрі жеңіл автомобиль емес. Бұл техникалар мұнай-газ, тау-кен, ауылшаруашылығы, теміржол сияқты салаларда пайдаланылады. 

Десе де, елдегі халық санын ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бүгін Астанада өткен Машина жасаушылардың бесінші форумында саладағы жетістіктер айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды. 

Елімізде Индустрияландыру бағдарлама аясында машина жасау саласына 260 млрд теңге бөлініп, әлемдегі жетекші компаниялардың көмегімен 100 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде бұрын-соңды елде құрастырылмаған техника пайда болды. Жалпы алғанда машина жасау саласы 31,5 млрд теңгенің өнімін шығарды. Қосалқы бөлшектер мен жабдықтардан түскен қаржы көлемі де ұлғайып келеді. Бұл жетістіктердің бәрі форумда айтылды. Жиынға отандық машина жасаушылармен қатар әлемнің 17 елінен 600-ге тарта өкіл келген.

Мейрам Пшембаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы:

-Былтырғымен салыстырғанда темір жол машина жасау саласында вагон шығару 9 есе өсті. Электртрансформаторлар 2 есе өсті. Сол секілді өндірістің жалпы көлемі 6 пайызға жақын өсті. 

Кеше өз жұмысын бастаған форум бүгін қызу талқылаулармен жалғасты. Басты мақсат – заман талабына сай жоғары технологиялық машина жасау саласын дамыту. Ол үшін мамандарды дайындау ісіне де ерекше көңіл бөлінеді.

Сайдолла Қожабаев, отандық электротехникалық компания өкілі:

-Өзіміздің политехникалық колледжіміз. Сонда мамандар дайындаймыз. Олардың білімін жетілдіреміз. Оларды мынау колледж бітіргеннен кейін осы Қазақстанның, Ресейдің, Еуропа елдерінің, Қытайға өндірістеріне барып, тәжірибе алмасамыз.

Қазір Қазақстанда автомобиль, локомотив, электровоз, жолаушылар және жүк вагондарын құрастыратын зауыттар белсенді жұмыс істеп тұр. Отандық машина жасаушылардың айтуынша, алдағы 2-3 жылда елімізде электромобильдер де сондай қарқынмен шығарылады.

Авторлары: Достық Талғатұлы, Айдос Меделбек