×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Экономика

Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс индексі 107,5 пайызға жетті

Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс индексі 107,5 пайызға жетті

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Биыл қаңтар-қазан аралығындағы есеп бойынша өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, шикі мұнай, мыс кендері, ұн және бензиннің өндірісі біршама ұлғайған. Сондай-ақ тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі де өскен. Ал темекі өнімдерінің, резеңке және пластмасса бұйымдарының, компьютерлер мен электронды және оптикалық өнімдердің өндірісі төмендеген.