Атырау облысында күзгі балық аулау маусымы басталды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Атырау облысында күзгі балық аулау маусымы басталды

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 13:20

Осыған орай Балық қорғау инспекциясы мен барлық құқық қорғау органдары да бақылау шараларын күшейтті.

Себебі балық аулау маусымы басталысымен браконьерлер де бас көтере бастайды. Биылдан бастап, балық аулаушы кооперативтерге тіркелмеген жүзу құралдары Каспий теңізіне шығарылмайды. Теңізге шығатын барлық су жолдарына бекеттер қойылды. Сондай-ақ инспекторлар өзен бетін тұрақты бақылауға алған. Табиғат қорғаушылар ұйымдастырған бір күндік рейдтік шара барасында ондаған қайық пен жүздеген шақырым ау тәркіленді. Жалпы өткен 8 айдың ішінде заңсыз балық аулаушыларға 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

Арман Молдашев, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары:

-Жайық өзенінің бойынан облыс бойынша 2 023 дана иесіз ау құралдары тәркіленді, яғни сүзіп судан шығарылды. 706 әкімшілік хаттама толтырылып, оның өрескел сипаттағы 206 хаттамасы сотқа жолданды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.