ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жамбыл облысының өндірістік көлемі 6 пайызға артты

Жамбыл облысының өндірістік көлемі 6 пайызға артты akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Президент өңірдегі бірқатар өндірістік нысанды аралап, этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті.

Сосын Кеңес дәуірінен кейін қайта жаңғырған көпір құрылысымен танысып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті.

Елдар Бақпаев, тілші:

-Еліміздің Жамбыл облысында 87 ұлттың өкілі тұрады. Бұл аймақта 25 этнобірлестік бар. Сол ағайынның арасы ерекше тату. Бір үйдің баласындай ұйып отырған қауымға ортақ шаңырақ – «Достық үйі». Осында жүздеседі, мерекелік жиынды атап өтеді. Мәселе бола қалса, ұрысты үйден шығармай, осы жерде ортақ мәмілеге келеді.

Елбасының жұмыс сапары ең алдымен осы жерден басталды. Береке-бірлікке ұйып, ұдайы ұлттар татулығын ұрпағына ұлағат қылған ұлыстармен кездесті. Ел бірлігі, тыныштығы жөніңде сөз қозғады. Президент көне шаһар Тараздың тамыры тереңге тартатынын, тарихи қаланың өзіндік өнегесі бар екенін айтты. Өйткені Тараз – елдегі татулықтың тал бесігіне айналған шаһар. Осы орайда Мемлекет басшысымен жүздескен Ассамблея мүшелері Президентке шексіз ризашылықтарын білдіріп, елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың барлығын бір кісідей қолдайтындығын жеткізді.

Мухабат Абдрахманқызы, ҚХА мүшесі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі:

-Құрметті Елбасы! Біз білеміз, Сіз Жамбыл халқына ерекше ықыласыңызды білдіресіз. Онымен біз мақтанамыз. Менің айтарым, Сіздің «Рухани жаңғыру» деген бағдарламаңызды көп ойланып, толғанып жазылған құжат деп білемін. Мақалаңызды оқыған кезде, Ассамблеяның бір сессиясында айтқан сөзіңіз: «Я был бы счастливым Президентом, если бы я говорил на одном государственном языке, а вы бы все понимали», – деп айтқансыз. Сол сөзіңіз менің жүрегіме ұялап, қазақ тілін толық меңгеруге қанаттандырды. Мен қазақ тілін меңгеруге насихаттайтын үлкен жоба жазып, сол бағытта жұмыс істеп, «Тіл жанашыры» деген төсбелгімен марапатталдым. Ал бүгін латын әліпбиіне де көшуге дайынмын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ассамблея народа Казахстана - уникальный институт, который сохраняет межнациональное согласование. У нас один народ - казахстанцы. Внутри казахстанцев есть различные культуры. Это же здорово, правильно? Именно когда различно интересно. А если в один день все скажут одного цвета глаз, волос, рост, лица, просто неинтересно. Сегодня я хочу сказать об одном пункте. Вот «Рухани жаңғыру», сознание, да? Это не просто слова. Сейчас мир меняется. Мы должны приспособиться, особенно молодежь. Совсем другим становится. Информационно-цифровой мир требует новых знаний, нового понимания. Время бежит как пуля. Мы не должны отстать. Поэтому человек прежде всего себя должен менять, учиться каждый день и всю жизнь.

Ал бүтіндей аймақтың жайына келсек, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында өңірлік өнім көлемі 231 млрд теңгені құрады. Өндірістік өнім көлемі 6%-ға артқан. Индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдығында 34 жоба жүзеге асып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сол жобалардың бірін Елбасы барып көрді. «ҚазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Жылына 150 мың тонна өнім шығарып, 75 адамды еңбекпен қамтып отыр.

Нұрлан Әлжанқұлов, «ҚазУпакТрейд» ЖШС бас директоры:

-Жылына 150 мың тонна гипс шығаруға мүмкіндігіміз бар. Зауытта 75 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы жұмсалған қаражат 2,3 млрд теңге. Бұл зауытта соңғы үлгідегі еуропалық қондырғылар бар. Біздің гипс Қазақстанның ірі қалаларына және жақын шетел, Қырғызстан, Өзбекстанға шығарылады.

Елбасы сондай-ақ өңірдің өнеркәсіп басшыларына да уақыт бөліп, жоспарларын тыңдады. Мамандар Индустрияландыру бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс қорытындыларын баяндап, басымдық берілген басты бағыттарға тоқталды.

Тағы бір мемлекеттік бағдарламаның жемісі – мына бір жол өткелі. Құрылысы Кеңес Одағы кезінде басталып, аяқталмай қалған көпірге «Нұрлы жолдың» нұры түсіп, қайта жаңғырды. Бұл жолды жамбылдықтар ұзақ күтті. Қаланың екі бөлігін жалғайтын көпір көлік кептелісін азайтып, қатынасты оңтайландырмақ. Шойын жолдың арғы бетіндегі 12 ауылды мекендегі жүз мыңдай халық игі бастаманың игілігін көруге асық.

Ғалымжан Әбдірайымов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

-Бұл – ұзындығы 315 метр болатын алты жолақты, күніне 7 мың автокөлік өткізуге қауқарлы көпір. Халыққа маңызды көпір деп айтқым келіп тұр. 16 шақырым жердегі Қырғыз елі – біздің шекарамыз. Қырғыз азаматтары да Тараз қаласына кішкентай путипровод арқылы кіретін. 2,5-3 мың көлік кептеліспен шығып жүрген. Бүгінде мына көпір халыққа өте ыңғайлы болады деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының жұртшылығымен де жүздесті. Өңірдегі әлеуметтің әлеуеті əңгімеге арқау болды. Бұл ретте Тараз халқы Президентке ең әуелі күллі әлем көз тігіп, жоғары баға берген EXPO көрмесінің елімізде өткеніне шексіз ризашылықтарын білдірді.

Жандар Кәрібайұлы, Облыстық коғамдық кеңес төрағасы:

-Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осыдан 20 жыл бұрын Сенаттың бір отырысында «Біздің мемлекет үйренуші елден үйретуші елге айналуы керек» деген едіңіз. EXPO үшін ризамыз Сізге. Біздің облыстан EXPO-ға 150 мың адам барып қайтты. Біздің елімізді көтеретін тарихымыздың жаңа белесін жазып отырмыз. Кеңестер Сіздің пәрменіңізбен құрылған. Тағы бір айта кететін мәселе – «Діндер тату болса, ұлттар тату» деген бастамаңыз.

Осы орайда облыс кәсіпкерлері де мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауды жіті сезініп отырғанын тілге тиек етіп, алға қойған мақсаттары да айқын екендігін жеткізді.

Мейрамбай Дөненбаев, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы:

-Бүгінгі таңда шаруашылығымызда қой басы 44 мыңға, жылқы 2,5 мың басқа, егістік жеріміз 10 мың гектарға дейін жетті. Сіз бір сөзіңізде айтқан едіңіз: «Табыстарыңның мол болғаны жақсы. Бірақ табыстарыңды жамбастарыңа баспай, елдің игілігіне салыңдар», – деп тапсырма берген едіңіз. Сол жолда біраз жұмыс атқардық. 2005 жылдан бері қарай біз ауыл балаларына арнап 50 орындық мектеп интернатын салдық.

Қорыта келе Нұрсұлтан Назарбаев тарихы бай, тағлымы терең Тараз қаласының тірлігіне оң бағасын берді. Алайда мына жаһандану заманында сананы жаңғыртып қана қоймай, тың технологияларға да басымдық беру керектігіне ерекше екпін салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жамбыл облысының өндіріс жағын көбейту керек. Ол көбейсе, экономиканың ауқымы, бюджетке түсетін қаражат көбейеді. Көріп отырмын, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңадан мөлтек аудандар, жол салынып жатыр. Жамбылдың үстімен қазір Қытай, Батыс Еуропа деген үлкен даңғыл кетіп жатыр. Теміржол, газ құбыры өтті.

Əлбетте өңірдін дамуында кем кетіктер де жоқ емес. Президент сан қуып, сапаны естен шығарған бірқатар сала басшыларын сынға алды. Қағаздағы көрсеткіштер шындыққа жанаспайды, ал шенеуніктер шалғайдағы халықтың тұрмысынан бейхабар.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

-ВВП на душу населения в области одно из последних мест. На бумаге пишут и рассуждают, не зная ни черта, что творится на местах. Вот химия, переработка, кластер надо больше этим заниматься. Химический кластер большой потенциал. Однако до сих пор не введен завод в городе Жанатас. Это все находится в видении акимата. Была создана СЭЗ, но там ничего до сих пор нет.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қолдауға ие бола тұра салықтан жалтаратын жұртшылыққа қатысты да өз пікірін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Почему не платят налоги? За счет государства берет кредит, мясо продает. Это вы виноваты. У нас есть специальные программы, микрокредиты. Кто ему дал кредит – государство. Так будет открыт перед государством. Больше 2 млн человек считаются самозанятыми. Он не будет платить налоги и не будет получать пенсии. Почему мы одних бесплатно лечим, а другие должны платить.

Бір жарым сағатқа созылған жиында Жамбыл облысының даму көкжиегі талқыланып, облыс басшысына нақты тапсырмалар жүктелді.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жанұзақ Боранбаев, Ержан Рахманбердиев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев