09:00 Әрі қарай эфирде: Новости
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Грузиялық мейман EXPO көрмесіне өз елінің қатысқанын мақтан тұтады

Грузиялық мейман EXPO көрмесіне өз елінің қатысқанын мақтан тұтады

Грузиялықтар «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерімен бөлісті. Тбилисиліктерге Қазақстан павильоны ерекше әсер қалдырған көрінеді. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі көрмеге өз мемлекетінің атсалысқанына дән риза.

София Агапишвили, ЭКСПО көрмесінің мейманы: 

-Көрме аумағына өткен бетте алып шар үлгісіндегі нысан көзіме оттай басылды. ЭКСПО төңірегіне аяқ басқанда мұндағы әлем бірнеше жыл алға жылжып кеткендей әсер қалдырды. Кейін ол Қазақстан павильоны екенін білдім. ЭКСПО қалашығын аралап жүріп, Грузия павильонын кездестірдім. Туған елімнің де ауқымды шараға қатысып жатқанына қуанып, кеудемді мақтаныш кернеді. Көрмеден алған әсерімнің біраз уақытқа дейін ұмытылмасы анық.