×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Ертіс өңірінде көкөніс өсіруші 39 шаруашылық меморандумға қол қойды

Ертіс өңірінде көкөніс өсіруші 39 шаруашылық меморандумға қол қойды

Меморандум негізінде биылғы өнім халыққа қолжетімді бағамен судаланады.

Жуық арада 10 мың тонна картоп, 1000 тонна сәбіз, 500 тонна қырыққабат, 200 тонна қызылша және 200 тонна пияз қоймаларға жеткізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл ішкі нарықты келесі өнімге дейін көкөніспен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Айта кетейік, жергілікті фермерлер өнімдерін еліміздің басқа облыстарына да тасымалдайды. Сұраныс жоғары. Қазіргі таңда картоп жинау науқаны аяқталуға жақын. 17 мың гектардан астам алқаптың 80 пайызға жуық жерінен өнім жиналды. Өнімділік әр гектардан орташа есеппен 250 тоннаға жуық болды.

Татьяна Нагула, Павлодар облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: 

-Картоп пен көкөністерді қараша айынан бастап, қоймаларға жеткіземіз. Кейін әлеуметтік сауда нүктелері мен ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде бекітілген бағамен саудалаймыз. Өнімді сақтау үшін облыста заманауи құралдармен жабдықталған орындар жеткілікті. Өңірде жалпы көлемі 250 мың тоннаға арналған 100-ден астам қойма бар.