ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Абзал жан» телехикаясы «Хабар» арнасынан 26 қыркүйек күні сағат 20.00-де көрерменге жол тартады

«Абзал жан» телехикаясы «Хабар» арнасынан 26 қыркүйек күні сағат 20.00-де көрерменге жол тартады

Дәрігерлердің кәсіби өмірін баяндайтын «Абзал жан» телехикаясының алғашқы бөлімі ертең «Хабар» арнасынан көрермен назарына ұсынылады.

Бұл – ТМД елдерінің көрермендеріне таныс «Женский доктор» фильмінің қазақша нұсқасы. Шығармашылық топ украиналық әріптестерінен фильмді қазақстандық аудиторияға таратуға арнайы құқық алған.

Жас дәрігер Абзал Смағұлов науқас әкесіне қарайлап, облыс орталығындағы ауруханаға жұмысқа орналасады. Тағдырдың жазуымен баласынан айырылған ол өзінің білімі мен күш-жігерін ана мен бала өмірін сақтауға арнайды. Шығармашылық топ өкілдері сценарий өмірде болған оқиғалар негізінде жазылғандықтан, телехиканың көрермендерге пайдасы көп екенін айтады.

Қажымұқан Қалымбет, актер:

– Жүкті әйелдер осы сериалды көру кезінде өзінен сол аурудың белгілерін байқап, алдын ала емханаға барып, емделіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан сериалдың халыққа берері бар. 

Телехикаяның әр бөлімінде жеке-жеке оқиғалар суреттеледі. Ортақ ой – махаббат пен адалдық. Фильмді түсіру барысында жаңа туған баланың орнына көбіне қуыршақ қолданылған. Ал шын нәресте қатысқан сәт актерларға ерекше әсер етіпті.

Ақмарал Дайрабаева, актриса:

– Ең жүрегімде қалғаны – өмірге сәби әкелу. Өзім ана болғандықтан, мен үшін әсерлі жағдайлар болды. Кейіпкерлеріміз қиналып, қатты толғатқанда, олардың ауыртпашылығын бірге сезінгендей болдық.

Медицина туралы ауқымды түсірілген мұндай телехикая елімізде бұрын болмаған. 32 бөлімнен тұратын «Абзал жан» фильмі ертеңнен бастап көрерменге жол тартады. Жаңа телехикаяны дүйсенбі мен жұма аралығында кешкі сағат 20-00-де тамашалай аласыздар.

Авторы: Гүлжан Көленқызы