Өңір өмірі: Павлодар облысында үш индустриалды аймақ құрылады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Өңір өмірі: Павлодар облысында үш индустриалды аймақ құрылады

  • Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 22:53

Павлодар облысында 3 индустриалды аймақ құрылады деп жоспарлануда.

Бірі – облыс орталығында, қалған екеуі – Ақсу мен Екібастұзда. Екібастұзда қазір бірнеше кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Олар – жылу оқшаулағыш материалдар, қазандық жабдығын шығаратын зауыт пен раушангүл өсіретін жылыжай кешені. Жуырда техникалық кремний өндірісі мен қызанақ өсіруге арналған жылыжай іске қосылады.

Ақтауда ең үздік мұнайшылар анықталды

Ақтауда мұнайшылар арасында өткен республикалық «Үздік маман – 2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жаздың аптап ыстығы мен сақылдаған сары аязына қарамастан кен игеретін еңбеккерлер бір апта бойы өзара мықтыны анықтады. Байқауға еліміздің әр түкпірінен барған 3 мыңға тарта жұмысшы қатысты. Қорытынды кезеңде ұңғымаларды зерттеу операторы, мұнай жабдығын жөндеуші, токарь, дәнекерлеуші сияқты 130 еңбеккер шеберліктерін сынға салды. Жүзден жүйрік шыққандар «Үздік маман» төс белгісі мен қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды.

БҚО-да жас кәсіпкерлерге арналған курс ашылды

Орал қаласында бүгін жас кәсіпкерлер мектебі өз жұмысын бастады. Тегін курсты ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізеді. Жасы 18-29 арасындағы іскер азаматтар бір апта бойы бизнестің негіздерін терең меңгереді. Жоба әзірлеуді үйреніп, қаржылық құжаттар әзірлеудің қыр-сырына қанығады. Оқу аяқталған соң, қатысушылардың бизнес жобалары арасынан ең үздігі іріктеліп, 3 млн теңгенің мемлекеттік бизнес гранты табысталады.

Ақтөбе облысында қара уылдырық өндіретін шаруашылық өнім ала бастады

Ақтөбе облысындағы тауарлы-бекіре шаруашылығы қара уылдырық өндіре бастады. Балық санын көбейту үшін уылдырық бұрын Ресейден тасымалданатын. Кейін шетелден мамандар шақырып, балық өсірудің қыр-сырын меңгерген соң, өндірістегілер өз өнімін ала бастаған. 

Ақмола облысында асылтұқымды мал басы көбейді

Ақмола облысының Ерейментау ауданына алғаш рет Башқұрстаннан 100-ден астам асылтұқымды Романов қойлары әкелінді. Бұл тұқымның біздің ұсақ малдардан ерекшелігі, жылына екі рет төлдейді. Ал бір төлдегенде 2-3, кейде төртеуге дейін қозылайды екен. Асылтұқымды қой шаруашылығын жас кәсіпкер Мұхтар Мәметов қолға алыпты. Қойлардың алды төлдеп те үлгерген. Ал шаруашылықтың мал бағу әдісі – баяғы шопандар секілді жайлауға үй тігіп, қойларды қысы-жазы жайылымда өрістету. Дегенмен заманауи технологияларды да ферма тиімді пайдаланып отыр. Мәселен, үй-жай мен қораға қажетті электр қуаты мұнда күннен алынады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.