12:00 Әрі қарай эфирде: Жаңалықтар
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Павлодарды көркейтуге екі есе қаржы бөлінді

Павлодарды көркейтуге екі есе қаржы бөлінді

Биыл Павлодар қаласын абаттандыруға қаржы екі есе көп бөлінді.

Облыс орталығында 130-дан астам аула ретке келтіріліп, 18 шақырымдық жол учаскесі жөнделді. Тозығы жеткен жолдарды жөндеуге бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Шаһардағы екі ұзын көшені көркейтуге де 1 млрд теңге қарастырылған. 10 шақырымдық көшенің бойында жаяу жүргіншілерге арналған жол пайда болып, кіші сәулеттік формалар орнатылды. Көпқабатты үйлердің келбеті де назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін 50-ге жуық нысанның сырты түрлі түсті бояумен сырланды.

Николай Казанин, Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Бүгінгі күнге дейін 115 аулаға асфальт төселді. Тағы 18 аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бірнеше көшенің асфальті ауыстырылып, аумағы абаттандырылады.