ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«КамАЗ» жүк көліктері енді Қарағандыда жиналады

«КамАЗ» жүк көліктері енді Қарағандыда жиналады

«КамАЗ» жүк көліктерінің Еуро-5 стандартына сай жаңа түрі енді Қазақстанда жиналмақ.

«Көкшетаудағы зауытта құрастырылатын бұл жүк көліктері экологиялық жағынан таза, қауіпсіз әрі жағар-жанармайды көп жақпайды», – дейді мамандар. Жаңа модельдің алғашқы нұсқасы Қарағандыда сынақтан өткізілді. Кәнігі мамандар машинаға жоғары бағасын беріп отыр.

Арик Мұстафин, ресейлік компания өкілі:

– Жаңа жүк көліктері Көкшетаудағы зауытта құрастырылатын болады. Бұл таза қазақстандық өнім болмақ. Жаңа машина Еуро-5 стандартына сай жиналған. Қоршаған ортаны ластамайды, жанармай көп кетпейді. Әрі өте жайлы, әрі қауіпсіз.