ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Латын әліпбиі әлемдік өркениетке жол ашады

Латын әліпбиі әлемдік өркениетке жол ашады

Латын әліпбиіне көшу бірінші кезекте әлемдік өркениетке жол ашып, қоғамдық сананы жаңғыртады. Солтүстікқазақстандық ғалым Зәуре Қартованың пікірі осындай. 

Кейінгі толқын жастармен кездескен тарих ғылымдарының кандидаты бұл бастаманың маңыздылығы жайында сөз етті. «Тіл – халықтың болшағы. Сондықтан жаңару жолында жасалатын әрбір қадам нық болуы керек», – дейді ол. 

Зәуре Қартова, тарих ғылымдарының кандидаты

– Тілдік ерекшеліктерді өзіміздің әліпбиімізге тиімді ету, дыбыстық ерекшеліктерімізді жоймау, тіл мәселесін одан әрі дамыту, осының барлығын қазір жалпы қауым болып дұрыс талдап, дұрыс шешімге келуіміз керек. Біріншіден, бұл түркі әлемімен жақындасу мәселесін тездетіп дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютерлік ақпараттық жаңалықтарды іске асыруға және технологияны меңгеру мәселесіне тиімді қолдануға мүмкіндік береді.