ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматыда «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды

Алматыда «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай ұйымдастырылған көшпелі көрме аясында өтті. Орталыққа еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы даму жолы туралы жарық көрген 1000 жарымнан астам кітап қойылған. Ондағы әдебиеттерді қаладағы барлық жоғары оқу орнының жастары пайдалана алады. Бұдан бөлек «Рухани жаңғыру: Жастар көзқарасы» деген атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында аграрлық университетте халықаралық бағдарлама бойынша білім алып жатқан шетелдік студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Тілектес Есполов, ҚазҰАУ ректоры:

– Елбасымыз аграрлық секторға, агроөндіріс кешеніне ерекше көңіл бөліп отыр. Біз әлем университеттерінің әр континенті, Америка, Еуропа, Шығыс Тынық мұхит университеттерімен 130 белді ғылыми орталықтарымен байланыса отырып, елімізге жаңа технология мен техниканы, тың идеялар мен инновацияларды тартып, еліміздің агроөндіріс кешенін дамытуымыз керек. Бәсекеге қабілетті болу, әлем нарығына сапалы азық-түлік шығару болашақ жас мамандардың да қолында.

Ли Сюе Хуа, ҚазҰАУ 3-курс студенті /ҚХР/

– Мен Қытай елінен келдім. Технологияны дамытып, осы бағытта көп еңбектенуіміз керек. Университеттер санын көбейтіп, студенттерді ғылымға баулу керек.