ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қызылордада қант диабетіне шалдыққандар саны 10 мыңнан асады

Қызылордада қант диабетіне шалдыққандар саны 10 мыңнан асады

Сыр өңірінде қант диабетіне шалдыққандар саны 10 мыңнан асып жығылады.

Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш еселеп артқан. Әсіресе балалардың аурушаңдығы алаңдатады. Бұл деректер Қызылордада Бүкіләлемдік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай өткен жиында айтылды.

Бүгінде облыс бойынша 96 бала инсулинге тәуелді екен. 3 жыл бұрын бұл көрсеткіш 50-дің шамасында болған. Мамандар облыстық балалар ауруханасына аптасына кемінде 2 бала алғаш рет қант диабеті анықталып түсетінін айтады. Оның басты себептерінің бірі тез дайындалатын тағамдарды жиі тұтынумен байланысты. «Осындай ауыр кеселдерден алыс болу үшін дұрыс ауқаттану маңызды», – дейді дәрігерлер.

Қанат Медетбаев, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Өткен жылы 17 науқас алғаш рет қант диабетімен анықталса, биыл 15 науқас бірінші рет қант диабетінің I дәрежесімен анықталып, ем алуда. Қазіргі кезде 96 есепте тұрған баланың 80-імен арнайы инсулиндік помпамен жұмыс жасауда.