ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Атырауда алғаш рет түйеқұс балапан басты

Атырауда алғаш рет түйеқұс балапан басты

Атыраулық шаруалар түйеқұс өсіре бастады.

Биыл алғаш рет осы ерекше құстан балапан алды. 5 айлық балапандар жергілікті климатқа әбден үйренген. Түйеқұс күтімді көп қажет етпейді. Ауа райы қолайсыз күндері жылы жерде тұрғанды ұнатады.

Шаруагер Кенжебек Қалдыбаевтың айтуынша, қорадағы түйеқұстар жыл бойы емес, негізінен сәуір мен қазан аралығында жұмыртқалайды. Ол кезде түйеқұс аптасына салмағы 1-1,5 келі жұмыртқа береді.

Қазір мұнда түйеқұстың 4 балапаны өсірілуде. Олар жоңышқаның тартылған түрін сүйсініп жейді екен. Қазір бағымдағы балапандар ет алып, жетіліп келеді. Ересек түйеқұстың толысқан шақта бойының биіктігі 1 метр 70 сантиметрге жетеді. Жұмыртқаның инкубациялық кезеңі – 37 тәулік.

Кенжебек Қалдыбаев, құс өсіруші:

- Бұл балапан жарылып шыққаннан кейін бір тәулік бойы осы пештің ішінде тұрады. Қозғамаймыз. Түйеқұстың балапаны 1 апта, тіпті 10 күн бойы нәр татпай, ішкі қорегімен, уыздың көмегімен өмір сүре алады. Осы жерде бойы кептіріліп, әбден шираған соң, арнайы орынға жібереміз.